• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    «Алтын допқа» үміткерлер қатары көбейді

    Испанияның «Барселона» клубының ойыншысы Ламин Ямаль мен «Бавария» командасының футболшысы Жамал Мусиала «Алтын допқа» үміткерлер қатарына қосылды, деп хабарлады  Goal.com. Жаңартылған рейтингіде Ямаль 20, Мусиала 12-орында тұр. Ал топ-20 қатарынан Деклан Райс («Арсенал») пен Матс Хуммельс («Боруссия» Дортмунд) шығып қалды. Топ-20 қатарына мына фцтболшылар кірді: Винисиус Жуниор («Реал Мадрид»); Джуд Беллингем («Реал Мадрид»); Тони Кроос («Реал Мадрид»); Килиан Мбаппе («Реал Мадрид»/ПСЖ); ...

    Read More »

    УЕФА Роналдумен алаңда фотоға түскен балаға қатысты шешім шығарды (ВИДЕО)

    УЕФА Еуропа чемпионатында Криштиану Роналдумен фотоға түсу үшін алаңға жүгіріп шыққан балаға қатысты шешім шығарды. Түркия мен Португалия құрамалары арасындағы матчта алаңға Роналдудың жанкүйері жүгіріп шығып, футболшымен фотоға түскен. УЕФА 10 жастағы баланың  әрекеті қауіпсіздік ережесін бұзғанына қарамастан, оған тек ескерту берумен шектелді. Ал Португалия мен Түркия ойыны 3:0 есебімен аяқталды. Қазір F тобында Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы екі ...

    Read More »

    Футболдан Америка кубогы басталды (ВИДЕО)

    АҚШ-та футболдан XXXXVIII Америка кубогы үшін турнир басталды. Ол Құрама Штаттардың 14 қаласында болады. Турнирге Оңтүстік Америкадан (КОНМЕБОЛ) 10 елдің ұлттық құрамасы, Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні (КОНКАКАФ) мемлекеттерінің 6 командасы қатысады. Бүгін Астана уақыты бойынша таңертең сағат 05:00-де Америка кубогы үшін турнирдің алғашқы ойынын болды. Онда «А» тобында ойнайтын Аргентина мен Канада елдерінің құрамалары алаңға шықты. Бұл ...

    Read More »

    Қазақ балалары футболдан Dragan Mance Cup турнирінің қола жүлдегері атанды

    Шымкент қаласының екі футбол академиясының – «Ордабасы» футбол клубы мен «Оңтүстік» академиясының тәрбиеленушілері алғаш рет 11-17 маусым аралығында Сербияның астанасы – Белград қаласында өткен Dragan Mance Cup балаларға арналған халықаралық турнирге қатысып, қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігі. Бұл турнирге Еуропаның 16 елінен 288 команда қатысты. «Ордабасы» футбол клубы академиясының футболшылары U12 жас санатында үшінші ...

    Read More »

    Футболдан Еурокубок ойындарының жеребесі тартылды

    Швейцарияның Ньон қаласында 2024/2025 жылғы маусымда Еурокубок ойындарының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі  тартылды. Оған елімізден Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» клубтары,«Ақтөбе» мен  «Астана» командалары қатысады. Жеребе бойынша «Ордабасы» клубына «Лудогорец» (Болгария), «Стяуа» (Румыния), «Пюник» (Армения) пен «Петрокуб» (Молдова) қарсылас болуы мүмкін. «Тобыл» командасының ықтимал қарсыластары — «Эльфсборг» (Швеция), «Корвинул» (Румыния), «Ботев» (Болгария), «Зиря» (Әзербайжан), «Ружомберок» (Словакия) пен «Лапи» (Косово). Ал, «Астана» ...

    Read More »

    Премьер-лига: төреші маусымның соңына дейін шеттетілді

    Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиынында Төрешілік-сараптамалық комиссия QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады, деп хабарлады федерация. Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын деген бірауыздан шешімді қабылдады. Төрешілер ...

    Read More »

    Футболдан ЕЧ: Грузия құрамасы алғаш рет алаңға шығады

    Бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Грузия ұлттық құрамасы тәуелсіздік алған кезден бері алғаш рет халықаралық доп додасында алаңға шығады. Сакартвело елінің командасы F тобында Түркия құрамасымен ойнайды. Кеңес Одағы кезінде Грузияның бірнеше футболшысы әлемге танымал болған. Мәселен, Борис Пайчадзе, Слава Метревели, Михаил Месхи, Владимир Гуцаев, Анзор Кавазашвили, Реваз Дзодзуашвили, Муртаз Хурцилава, Каха Асатиани, ...

    Read More »

    Бүгін футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады

     Бүгін Германия Федеративтік Республикасында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді. Оның ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 23:40-та бастап көрсетілсе, чемпионаттың алғашқы ойыны Германия мен Шотландия құрамаларының арасында болады. Командалардың матчы сағат 23:50-де басталады. Еуропа чемпионатын Qazaqstan мен Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұл арналарда барлық 51 матчқа трансляция жасау жоспарланып отыр. Құрлықтық доданың ойындары Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф,Майндағы Франкфурт, ...

    Read More »

    Футболдан ӘЧ: Өзбекстан мен Қырғызстан іріктеу турниріне шықты

    Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің ұлттық құрама командалары футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының Азия құрлығы бойынша іріктеу турниріне шықты. Олардан басқа тағы 16 елдің құрамалары іріктеу турниріне жолдама алды, деп хабарлады uza.uz. Кеше Азия құрлығында 2026 жылғы әлем чемпионатының алтыншы кезеңі мен 2027 жылғы Азия кубогының бірлескен іріктеу кезеңінің матчтары болды. Осы іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен Өзбекстан, Аустралия, БАӘ, Бахрейн, ...

    Read More »

    Елімізде «Атлетико Мадрид» клубының академиясы ашылады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торреспен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, елімізде спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар ...

    Read More »