• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Жақсылық ағадан қапыда айырылып, қанатымыз қайырылды

    Бір жапырақ кеудесіне бүкіл қазағын сыйғызған Жақсылық ағатайым Жаратқан Иеміздің құзырына қайтыпты. Жанарымыз жасқа шыланды. Көкіректі мұнар шалды. Барша Қазақ жұртына Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына орай көңіл айтамыз. Алла Тағала ағамыздың мәңгілік мекенін жәннат бақшаларынан қылсын! Отбасына, етжақындарына Алланың нығметі мен берекесі нәсіп болсын! Жақсылық ағатайым ұлтының тарихындағы ірі тұлғаның бірі ғой. Ол кісінің басынан өткен мына бір екі сәтті қайта ...

    Read More »

    Ат құлағында ойнайтын ақсақал

    Көкпар – ұлттық өнеріміздің бір тармағы. Ендеше,  сол  ұлттық спорт  ойындарымыздың  жібін үзбей  ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқаны  елдегі атқұмар ақсақалды абыздарымыздың  да қосып жатқан үлесі зор деп білеміз. «Есік алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең», деген  екен бабаларымыз. Ауылыңда ақсақалды қарт жүрсе, береке, байлық, ынтымақ бірге ілесіп жүргендей сезілетінін белгілі. ...

    Read More »

    Бақыт Балуан

    Жаңбырбаев. Осы бір тек ел арасында айтыла қалса, «Балуан, бапкер Бақытты меңзеп тұрсың ғой» деп емірене кететін ел-жұрт көп бүгінде. Иә, Жаңбырбаевты тек спортшылар ғана емес, былайғы жұрт та өте жақсы біледі. Өйткені, көкірегі ояу, көзі ашық, көпшіл азамат. Биылғы жылдың 28-ші сәуірінде бұл кісі жетелі жас – 70-ке келді. Арда ағамыздың редакциямыздың атынан мерейтойымен құттықтай отырып, оның өткен өнгелі ...

    Read More »

    Бесасықтан онлайн турнир бәрінің ойынан шықты

    Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы карантин жарияланғалы бері студенттер мен оқушылар арасында  тоғызқұмалақ, шахмат, бесасық, асық ату, скакалкадан онлайн турнирлер өткізіп келеді.      1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы аясында мектеп оқушылары (қыздар) арасында ұйымдастырылған бес асықтан онлайн турнир жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі хабарлады. ...

    Read More »

    Бесасықтан бас жүлдегер анықталды

    «Бесасықтан» жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы онлайн турнирдің жеңімпазы анықталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.  Бірінші орынды Silkway халықаралық университеті студенті Айжан Серікова жеңіп алды. Екінші орынға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өкілі Алтынай Совет, үшінші орынға Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті Әйгерім Бақытқызы мен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясының студенті Ләйла Әубакірова ие ...

    Read More »

    Тоғызқұмалақтан онлайн турнир мәресіне жетті

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған турнирдің жеңімпаздары анықталды. Турнир 2-3 мамырда  iggamecentre.com сайтында онлайн турнирі өтті. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Оған еліміздегі  3 қала мен 14 облыстан 68 оқушы, соның ішінде 1 спорт шебері, 24 спорт шеберіне үміткер ...

    Read More »

    Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2-3 мамырда мектеп оқушылары арасында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді, деп хабарлады аталған ведомстоның орталығы. Жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен  облыстардан  68 оқушы қатысуға өтінім берген. Олардың ішінде 1 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер бар. Қалғандары — 1 дәрежелі спортшылар.  

    Read More »

    Бес асықтан жарыс басталады

    2-3 мамыр күндері Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Асық ату федерациясының бірігіп ұйымдастырумен бес асықтан жоғары оқу орындарының студенттері арасында онлайн турнир өтеді.   Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Read More »

    Ұлттық ойыннан онлайн турнир өтті

    18-19 сәуірде тоғызқұмалақ  турнирі Iggamecenter.com платформасында өтті. Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп өткізген жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы бұл турнирге 89 студент қатысты. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Турнирде ұлдар арасында бірінші орынды Ринат Керейбаев (Павлодар МПУ) жеңіп алды. Екінші орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның студенті  Абылайхан Сүлеймен иеленсе, ...

    Read More »

    Тоғызқұмалақтан онлайн турнирдің жеңімпазы анықталды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ федерациясы бірлесіп, жоғары оқу орындарының студенттері арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өткізді, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі. Турнир Iggamecenter.com  платформасында ұйымдастырылды. Сайыста жекелей сында ұлдар арасында бірінші орынды Павлодар МПУ, екінші орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, ал орынды Ақтөбе ӨМУ жеңіп алды. Қыздар арасында да Павлодар МПУ студенттері жеңімпаз атанды. ...

    Read More »