Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қалмайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі және бірегейі марқұм Амангелді Исмағұлов еді. Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы Сұлукөл ...
Read More »Tag Archives: күрес
Еркін Оқасов: Балуандардың күресіне көңілім толмайды
Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов балуандардың әлем чемпионатындағы күресіне көңілі толмайтынын айтып, барша жанкүйерден кешірім сұрады, деп хабарлайды SportPress.kz. Ол балуандардан бұдан да жақсы көрсеткіш күткенін, алдағы уақытта нәтижені жақсарту федерация жұмысының басты міндеті болатынын атап өтті. «Балуандардың әлем чемпионатындағы нәтижесіне көңілім толмайды. Біз бұдан жақсы көрсеткіш күткен едік. Ал чемпионатты ұйымдастыру тұрғысынан Астана өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. ...
Read More »Біріккен күрес әлемі ұйымы әлемдік додаға жақсы баға берді
Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович Астанада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының ұйымдастырылуына жақсы баға берді, деп хабарлайды SportPress.kz. Биылғы әлемдік дода 1 қарашада мәресіне жетті. Осы күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде әлем чемпионаты салтанатты жағдайда аяқталып, жер-жүзінің 135 елінен келген 900-ден астам балуан өз елдеріне қайтты. Астанадағы дүрмекті дода тоғыз күнге созылды. Осы уақытта балуандар 30 салмақ ...
Read More »Нұрқожа Қайпанов: «Жауапкершіліктің салмағынан аяқ-қолым істемей қалды»
Нұрқожа Қайпанов күрестен Астанада өткен әлем чемпионатының финалында белдесіп, күміс жүлдегер атанғаны белгілі. Ол финалдағы күресі туралы өз ойын айтты. «Белдесу мен үшін өте қиын болды. Негізі күреске толық дайын болдым. Алайда өзіме шамадан тыс жауапкершілік алған сияқтымын. Әсіресе командаластарымның жеңілісінен кейін ауыртпалық түскендей болды. Енді қазақ халқын қуантқым келді. Бірақ финалда Ресей балуаны басым түсті. Бозкілемге шыққан сәтте қатты ...
Read More »Балуандар белдесуді жақсы бастады
Астанада күрестен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Еркін күрес балуандары алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті. Дастанбек Өсімжан 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық Андрей Джелепті 8/1 финалда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты. Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта Грузия өкілі Александр Абрамишвилиді уақытынан бұрын 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Түркия балуаны Хакан Буючингильмен күресіп, 11:1 ...
Read More »Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті. Қазақстан командасының спортшысы, жазғы Азия ойындары мен Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері Зейнеп Баянова кіші финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Беларусь өкілі Наталья Варакинамен күш сынасты. Бұл сында отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 50 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Кеше Баянова жарысты 8/1 айналымнан бастап, ...
Read More »Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жарыс күнінің жартылай финал белдесулері басталды. Жәмила Бақбергенова (-72 кг) Қытай өкілі Зелу Лимен финалға берілер жолдаманы сарапқа салды. Бұл сында отандасымыз қарсыласынан 4:2 есебімен жеңілді. Енді ертең ұлттық құрама спортшысы қола медаль үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады. Бүгін іріктеуде Жәмила Бақбергенова Молдова өкілі Эмилия Кречунды, ...
Read More »Бағдат Сабаз: «Жеңіліп жатқанда жеңіске жететініме сендім»
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келі салмақта қола жүлдегер атанған Бағдат Сабазға медаль алу оңай болған жоқ. Бұл туралы ол жарыстан кейін айтты. «Қола жүлде үшін белдесудегі күресіме көңілім толды. Қарсыласым осал болған жоқ. Олимпиада жүлдегері. Белдесу өте тартысты, қиын болды. Әлем чемпионаты өз елімізде өтіп жатқандықтан барымды салдым. Төрт ұпай айырмасымен жеңіліп жатқанда да ...
Read More »Грек-рим күресінен қоржынға үш жүлде түсті
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында грек-рим күресінен белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алды. 24 қазанда басталған әлем чемпионатында еліміздің атынан он салмақ дәрежесінде он балуан сынға түсті. Алғашқы екі медальді Исхар Курбаев пен Айдос Сұлтанғали иеленсе, Бағдат Сабаз үшінші қола жүлдені ел қоржынына салды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, 55 келіде белдескен Исхар Курбаев жарысты ...
Read More »Күрестен әлемдік дода қыза түсті
Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресі басталып, грек-рим күресінен шешуші белдесулер жалғасын тапты. Қазақстан атынан алғаш болып бозкілемге Бейбіт Сейдуәлі шықты. Ол 65 келіге дейінгі салмақта алғашқы айналымда Гонконг өкілі Цуй Тин Саумен белдесті. Бейбіт Сейдуәлі қарсыласын айқын басымдықпен 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Чили өкілі Хименес Фернандестен 3:2 есебімен айласын асырып, ширек финалға шықты. Алайда ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары