• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: сыйақы

    Азиада чемпионы мен жүлдегеріне ақшалай сыйақы беріледі

    Туризм және спорт министрлігі XIX жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілетін ақшалай сыйақы жариялады. Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5 000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Азиаданың күміс жүлдегері 5 000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері жарияланды

    Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады. Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Азия ойындарының күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Бокс федерациясы жүлдегер споршыға сыйақы береді (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясы президенті Кеңес Рақышев  Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында жүлде алған әйелдер құрамасына сыйақы тапсыратынын айтты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Бүгін бас жаттықтырушы Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды. Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары қарсаңында ұлттық құрама жергілікті және Тәжікстан боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес ...

    Read More »

    Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін сыйақы көлемі бекітілді

    Мәдениет және спорт министрлігі 3 шілдедегі бұйрығымен спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайын төлем жасау қағидасын бекітті. Енді жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар өмір бойы ай сайын мынадай мөлшерде материалдық көмек алады: — Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылар – 100 АЕК (2023 жылы – 345 000 мың теңге); — ...

    Read More »

    100 мың доллар: Бокс федерациясы сыйақы тапсырды (ВИДЕО)

    Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында құрмет тұғырынан көрінген ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлері мен жаттықтырушыларды марапаттап, сыйақы тапсырды, деп хабарлады Бокс федерациясы. Кездесуде Бокс федерациясының басшысы ұлттық құрама команданың бес спортшысы мен жаттықтырушыларына жеке қаржысынан ақшалай сертификатты табыс етті. Ташкентте әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен ...

    Read More »

    Әлем чемпиондарына Үкімет тарапынан қанша сыйақы берілетіні белгілі болды

    Бүгін бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама боксшыларының алғашқы легі Астанаға оралды. Оларды күтіп алуға жергілікті жанкүйерлер мен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов барды. Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасы төрт алтын медаль еншіледі. Финалға бес қазақ боксшысы шығып, оның төртеуі жеңіске жетті. Санжар Ташкенбай (48 келі) және Махмуд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионы болды. Дулат Бекбауов ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: жүлдегер қазақ боксшыларының сыйақысы  белгілі болды

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлады Tengri Sport. Әлем чемпиондары IBA-ның екі еселенген сыйақысын  — 200 000 доллардан алады. Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясынан (ҚФС) жүлдегерлерімізге 100 000 доллардан беріледі. Қазақстан құрамасы боксшыларының әлем чемпионатынан кейінгі гонорарлары:  Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге); ...

    Read More »

    Халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына қанша мөлшерде сыйақы төленеді?

    Мәдениет және спорт министрлігі «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы» бұйрық әзірледі. Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында бірінші орын алғандар 250 мың доллар, екінші орын алғандар 150 мың доллар, үшінші орын алғандар 75 мың доллар алады деп белгіленді. Бұл ретте сыйлықақылар 4,5 және 6 орын үшін ...

    Read More »

    Астанада Азия чемпионы атанған балуандар қомақты ақша алады

    9 – 14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін XXXVI Азия чемпионаты болады. Оған құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатысады. Олардың арасында Олимпиялық ойындардың 7 жүлдегері, 5 әлем чемпионы болады. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, бұл күрес додасы Олимпиадаға лицензиялық турнир емес. Ол Азия ойындары мен ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы сыйақы алады (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің екінші матчында Дания командасын жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты. Қаржылай сыйақы туралы айтсам, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Дегенмен футболшылар үшін жеңістің өзі – ақшадан қымбат. Себебі, біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе, жанкүйерлеріміздің ...

    Read More »