• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/boxingkazakhstan/

    Олимпиада-2024: Бокс федерациясы сыйақыны тағайындады

    Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    Осы жиында федерация президенті Шахмұрат Мүтәліп Олимпиадада чемпион атанған боксшы мен жүлдегерге және олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақынының көлемін жариялады.

    Ол Қазақстан бокс федерациясы тарапынан Олимпиада чемпионына 220 000 АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 120 000 доллар, қола медалиске70 000 доллар, төртінші орын алған боксшыға 30 000 доллар және бесінші орыннан көрінген боксшыға 10 000 доллар көлемінде сыйақының берілетінін айтты.

    Ал бас жаттықтырушы мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады, — деді ол.

    Сондай-ақ, кездесуде жақында Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар  алқасы қаржылай сыйлықпен  марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табыс етілсе, бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *