• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына қанша мөлшерде сыйақы төленеді?

    Мәдениет және спорт министрлігі «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы» бұйрық әзірледі.

    Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында бірінші орын алғандар 250 мың доллар, екінші орын алғандар 150 мың доллар, үшінші орын алғандар 75 мың доллар алады деп белгіленді.

    Бұл ретте сыйлықақылар 4,5 және 6 орын үшін де төленеді.

    Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын жаңартқандарға 5 мың доллар сыйақы бөлек төленеді.

    Ересектер арасында олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатында  бірінші орын алған спортшыға 15 мың доллар, екінші орын алған спортшыға 7 мың доллар, үшінші орын алған спортшыға 5 мың доллар сыйақы төленеді.

    Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиадада бірінші орын үшін 15 мың доллар, екінші орын үшін – 10 мың доллар, үшінші орын үшін – 5 мың доллар төленеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *