• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: ауыр атлетика

    Қазақстан ауыр атлетикадан Олимпиадаға жолдама ала алмады

    Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшылары бірде бір жүлде ала алмады. Еліміздің атынан соңғы болып 87 келіден аса салмақ дәрежесінде Айсамал Сансызбаева мен Сұлтан Мейрам (109 кг) шықты. Қоссайыс қорытындысында Айсамал Сансызбаева 235 келіні (жұлқа көтеруде 105 кг мен серпе ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр

    Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогы үшін лицензиялық жарыс басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Кеше помостқа ұлттық құрама сапынан Ерназ Алпысов (55 кг) шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол жұлқа көтеруде бір мүмкіндігін, ал серпе көтеруде екі мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Ерназ Алпысов 237 кг нәтижемен (жұлқа – 107 кг, серпе – ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан АЧ: Кирилл Староверкин кіші қола жүлдені алды

    Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақтың үздіктері анықталды. Ұлттық құраманың мүшесі Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні басынан асырып, кіші қола медаль иегері атанды. Ал серпе көтеруде 180 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен төртінші орынды иеленді. Осы салмақта Солтүстік Кореяның спортшысыВон Йон Бём 367 (161+205) келіні көтеріп, Азия чемпионы болды. Өзбекстанның ...

    Read More »

    Александр Уваров – ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан құрамасында екі спортшы помостқа шықты. Соның бірі — 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров күміс медаль иеленді. Ол биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарында жұлқа көтеруде қола жүлдені (153 кг), серпе көтеруде 190 кг зілтемірді басынан асырып, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Ташкентте тағы бір ауыр ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан АЧ: Сайрамкез Ақмолда – күміс жүлдегер! (ФОТО)

    Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта помостқа шыққан Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Осы салмақта Солтүстік Кореяның спортшысы Ри Вон Джи 317 келі (137+180) көтеріп, Азия чемпионы атанды. Сайрамкез Ақмолда жұлқа және серпе көтеруді ...

    Read More »

    Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

    Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Чемпионаттың бірінші күні еліміздің атынан Айнұр Абдықалықова посмостқа шықты. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен төртінші орынға табан тіреді. Солтүстік Кореяның спортшысы Вон Сим Хюн 192 (86+106) келіні көтеріп, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлдені ...

    Read More »

    Ермек Маржықпаев ауыр атлетикадағы допинг мәселесімен күресуді тапсырды

    Туризм және спорт министрі Ауыр атлетика федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы өнерін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарымен таныстырды, деп хабарлады ведомство. Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген ...

    Read More »

    Илья Ильиннің зайыбы «гендер-пати» ұйымдастырды

     Ауыр атлет Илья Ильиннің зайыбы бизнесвумен Татьяна Ильинаның (Гордиенко) аяғы ауыр екені белгілі болды. Арнайы аппарат іштегі баланың жынысы — қыз екенін анықтап, белгілеген. Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышын бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ғашық еркек пен әйел болмаймыз! Құдай бірлігімізге береке әкелді! Біз ата-ана боламыз! Екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық, бірақ УЗИ бәрін көрсетті! ...

    Read More »

    Ауыр атлеттер Азия чемпионатында төрт алтын жүлде жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның  Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық додаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды.   Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды  Нұрғиса Әділетұлы сыйлады. Ол 102 келіге дейінгі салмақта 400 (181+219) келіні басынан асырды. Жұлқи көтеруде күміс, серпе көтеруде және жалпы жаттығуларда алтын жеңіп алды. 109 ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды. Артем Антропов алғашқы ...

    Read More »