• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: грек-рим күресі

    Қазақстан балуандары Олимпиада лицензиясын алды

    Қырғызстаның Бішкек қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстанның үш балуаны Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2:1 есебімен басым түскен. Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын жүлде алған Айдос Сұлтанғали алғаш рет ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдегері атанды

    Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Қырғызстанның Бішкек қаласында аяқталған Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Тұрсынов белдесуде бірде-бір ұпай ала алмады. Иран балуаны оны5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы ...

    Read More »

    Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Күрес түрлерінен Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың грек-рим күресінен балуаны Ержет Жарлықасын алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда (63 кг) 25 жастағы Жапонияның өкілі, XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айата Сузукиді жеңді. Белдесу 6:6 есебімен аяқталған. Ұпай сапасы жағынан қазақ балуаны басым болды. Күндізгі сессияда Жарлықасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ...

    Read More »

    Маңғыстаулық Майис Әлиев Олимпиаданың жолдамасына таласады

    19-21 сәуір күндері Қырғызстанның астанасы — Бішкекте күрес түрлерінен өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын Қазақ балуандары анықталды, деп хабарлады Қазақстан грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясы. Бішкек қаласында күрес түрлерінен он сегіз салмақта Олимпиялық ойындардың жолдамасы ойнатылады. Қазақстаннан он алты балуан (5-грек-рим күресінен, 5-еркін және 6-әйелдер күресінен) күреседі. Күрестен Париж Олимпиадасына жолдамасына ұлттық құраманың мына балуандары қатысады: Грек-рим ...

    Read More »

    Грек-рим күресі: Қазақстан екі алтын медаль алды

    Астанада грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды. Турнир үш күн болып, 10 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша бейтарап елдің спортшылары төрт алтын жүлдемен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан — 3 алтын, Қазақстан 2 алтын медальмен үздік үштікті түйіндеді. Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері: 60 кг 1.Оңдасын Хамитов (Қазақстан) ...

    Read More »

    Астанада Борис Керімбаевты еске алуға арналған турнир басталды (ВИДЕО)

    Астанада 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында алғаш рет Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл және қазақтың «қара майоры» атанған Борис Керімбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир болып жатыр, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Биылғы жылдың алғашқы ірі додасына еліміздің 12 облысынан 250-ге жуық балуан қатысуда. Оның ашылу салтанатына Грек-рим, еркін, әйелдер күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қатысып, спортшыларға ...

    Read More »

    Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған  турнир өтеді

    11 мен 13 наурыз аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер (U20) арасында халықаралық турнир өтеді. Оған әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Іс-шара Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері ...

    Read More »

    Астанада грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында грек-рим күресінің балуандары екі күн бойы кілемге шығып, өзара чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтады. Бұған дейін ел чемпионатында 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салып, шын мықтылар құрмет тұғырының ең биік сатысына кқтерілген еді. Енді міне, 60, 67, 77, 87 және 130 кг салмақ дәрежесіндегі ...

    Read More »

    Күрес: Астанада Қазақстан чемпиондары анықталды

    Астанада күрес түрлерінен кезекті Қазақстан чемпионаты басталды. Оған еліміздің 20 өңірінен 600 ден астам күрес шебері қатысып жатыр. Чемпионаттың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің шеберлері шығып, 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды. Төменде өз салмағында ел чемпионы және жүлдегер болған балуандарды ұсынамыз: 55 кг 1) Нұрзат Қабдырақымов (Жетісу облысы) 2) Айбек ...

    Read More »

    Астанада күрестен Қазақстан чемпионы анықталады

    Жақын арада балуандар Астанада ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күресінен өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Ел чемпионаты 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында болады, деп хабарлады Қазақстан күрес түрлері федерациясы. Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының хабарлауынша, 1 ақпанда  грек-рим күресінің балуандары 55, 63, 72, 82, 97 келіде, 2 ақпанда 60, 67, 77, 87 және 130 ...

    Read More »