• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Күрестен АЧ: Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдегері атанды

    Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Қырғызстанның Бішкек қаласында аяқталған Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

    Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен жеңіліп қалды.

    Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Тұрсынов белдесуде бірде-бір ұпай ала алмады. Иран балуаны оны5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

    Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында кездескен болатын.

    Сол кезде де АлизадеТұрсыновты 8:0 есебімен жеңген еді. Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күміс медалін иеленіп отыр.

    Бүгін «классиктер» екі медаль иеленді. 63 келідегі Ержет  Жарлықасын чемпион атанса, 77 келідегі Ибрагим Магомадов қола медальге ие болды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *