Астанада күрес түрлерінен кезекті Қазақстан чемпионаты басталды. Оған еліміздің 20 өңірінен 600 ден астам күрес шебері қатысып жатыр.
Чемпионаттың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің шеберлері шығып, 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Төменде өз салмағында ел чемпионы және жүлдегер болған балуандарды ұсынамыз:
55 кг
1) Нұрзат Қабдырақымов (Жетісу облысы)
2) Айбек Айтбеков (Астана қаласы)
3) Ербол Камалиев (Алматы облысы)
Қасым Аден (Түркістан облысы).
63 кг
1) Ержет Жарлықасын (Жамбыл облысы)
2) Диас Әскербай (ШҚО)
3) Айбек Есмұратов (Қостанай облысы)
Мұхамедәлі Мамырбек (Шымкент қаласы).
72 кг
1) Николай Хапко (СҚО)
2) Ерасыл Нұрбосынов (Алматы облысы)
3) Әділхан Сатаев (Шымкент қаласы)
Елдос Камелов (ШҚО).
82 кг
1) Евгений Поливадов (Атырау облысы)
2) Альмир Төлебаев (Жетісу облысы)
3) Талас Әшірханов (Жамбыл облысы)
Мирас Баршылықов (Қостанай облысы).
97 кг
1)Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы)
2) Иусуф Мациев (Қостанай облысы)
3) Ислам Умаев (Алматы қаласы)
Ерұлан Ысқақов (Қарағанды облысы)
Бүгін грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 125 келідегі чемпиондар мен жүлдені қанағат еткен балуандардың есімі белгілі болады.