• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Дзюдо

    Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    Қазақстан дзюдо федерациясы Астанада 10-12 мамыр аралығында өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды. Ерлер құрамасында Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйікенов (-60 кг), Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали (-66 кг), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, ...

    Read More »

    «Барғандары бір қора, алғандары бір қола»: Қазақстан дзюдошылары Олимпиададан жүлде ала ма?

    Астанада дзюдодан өтетін Grand Slam әлемдік турнирге алыс-жақын 89 елден 475 спортшы келеді. Дзюдо отаны — Жапониядан бір спортшы жарысқа өтінім берген. Сондықтан жарысқа Жапониядан бір-ақ дзюдошы қатысады. Былтыр елімізде болған Grand Slam турниріне үш жапон қызы келіп, 1 алтын, 1 күміс медаль алған еді. Айтайын дегенім, туризм және спорт министрі Жапония мен Өзбекстаннан неге үлгі алмайды? Мысалы, Жапонияға оқу-жаттығу ...

    Read More »

    Астанаға 60-та астам елдің мықты дзюдошылары келеді

    Астанада 10-12 мамырда дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Бұл жарыста дзюдошылар Парижде өтетін Жжазғы Олимпиялық ойындарға ұпай жинайды. Сонымен бірге ол биылғы соңғы Grand Slam кезеңі болады, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, турнирге әлемнің кіл мықтылары келеді.  Белдесулер Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бүгінгі күнге жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде ...

    Read More »

    Олимпиадаға Елдос емес, Нұрқанат бару керек!

    Елімізде дзюдо спортынан Олимпиялық ойындардың екі мәрте жүлдесін алған Елдос Сметовке ренішім мен өкпем жоқ. Бірақ «Олимпиададан алтын жүлде алсам», — деген Сметовтің арманы Парижде орындалмайды-ау. Өйткені, Жапония, Франция, Тайпей, Испания, Әзербайжан мен Оңтүстік Корея спортшыларын жеңу Сметовке қиын болады. Олар да алтын медаль алсам деп қиялдаған Сметовке жүлдесін беріп қойып, қарап тұрмайды. Елі, федерациясы және халқы өз елінің спортшыларына ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан елге төрт қола медальмен келе жатыр

    Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан XXXII Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні ұлттық құрама аралас командалық сайыста қола медальді жеңіп алды. Жүлде жолында Түркменстанмен болған жекпе-жек 4:2 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді. Татамиге алғаш шыққан Екатерина Токарева, одан кейін аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қарсыласының жауырынын жерге тигізді. Осы екі ортада Асқар Арапов пен Бақыт Құсақбаевадан түркменстандық дзюдошы ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Эсмигуль Куюлова алғаш рет жүлде алды (ВИДЕО)

    Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні ұлттық құрама сапынан бес дзюдошы татамиге шығып, тек Эсмигуль Куюлова (-63 кг) ғана жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшысы жүлде жолында Зулхумар Дашкиноваға (Түркменстан) еш мүмкіндік бермей, мерзімінен бұрын жеңді. Бұл — оның сары құрлық чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Таңғы сессияда ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлдеге күш сынасады (ВИДЕО)

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасындағы төрт спортшы финалға шыға алмай, қола медаль үшін күш сынасатын болды.   Абиба Әбужақынова (48 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді. Енді олар Азия чемпиоантының қола жүлдесіне таласады. Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны ...

    Read More »

    «Grand Prix – 2024»: пара дзюдошы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды

    Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Қазақстан пара дзюдо федерациясының хабарлауынша, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті. Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Турнирге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.

    Read More »

    Нұрқанат Серікбаев — дзюдодан Grand Slam турнирінің жеңімпазы! (ВИДЕО)

    Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол Израиль спортшысы Ям Уолцакты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев жарыста бес рет татамиге шығып, бесеуін де жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде ол Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) мен Дильшот Халматовтан (Украина) басым түсті. ...

    Read More »

    Астанада жаңа дзюдо орталығы ашылды

    Астананың жаңа «Нұра» ауданында Kodokan Spirit атты көп қызметті спорт кешенінің ашылу салтанаты болды. Бұқаралық  спортты дамыту және жас  ұрпақты саламатты өмір салтына баулу мақсатында елімізде екінші Kodokan Spirit көп қызметті спорт кешені іске қосылды. Бұған дейін алғашқы орталық 2021 жылы Орал қаласында ашылған болатын. Аумағы 1200 шаршы метр болатын ғимаратта бір мезетте 1000-ға жуық жас спортшылар дзюдомен айналыса алады. ...

    Read More »