Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен ойнап, оны 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Матч бір сағат 19 минутқа созылды. Осы уақытта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Валерия Савиных 1 эйспен ғана шектелді.
Юлия Путинцеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА