Францияның Париж қаласында 2024 жылғы Олимпиялық ойындарға дейін әуе такси қызметі іске қосылады.
Euronews.com-ның хабарлауынша, таксилер Париж маңындағы 5 вертипорттың бірінен шығады. Тағы бір учаске Сенадағы қалқымалы баржада орналасады.
Skyports Еуропа мен Таяу Шығыстағы инфрақұрылым бөлімінің басшысы Дэмиан Киселидің айтуынша, таксиге мінетін адам алдымен тіркелуі керек.
Әуелі жолаушы тіркеледі. Біз сіздің тапсырыс берген адам екеніңізді және ұшу уақытыңызды білуіміз керек. Бізде кішігірім демалыс бөлмесі бар. Сізден ұшудан 5 минут бұрын әуе таксиіне отыру сұралады. Биометриялық порталдан өтесіз. Бар болғаны осы, – деді ол.
Аэротакси қызметі үшін Франция астанасы азаматтарының рұқсаты қажет. Жобаға қатысқан Aéroport de Paris (ADP) тобы жаңа құрылғылардың шуы тікұшақтың шуынан 4 есе аз екенін айтты.
Аэротакси – Германияның Volocopter компаниясы шығарған екі орынды жеңіл ұшақ. Қазір компания еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің мақұлдауын күтіп отыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
ФОТО: 3dnews.ru