Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландта өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Құламбаева жарыста 4-ракетка болып тіркеліп, Таиландтың өкілі Ланлана Тарраудимен бірге алғашқы айналымда үнді Лил Десаи мен ресейлік Анастасия Сухотинаны жеңді.
Матч екі сетке созылып, 6:1, 7:5 есебімен Құламбаева – Таррауди тандемінің пайдасына шешілді.
Енді олар жартылай финалға шығу үшін тайбэйлік Я Син Ли мен қытайлық Лю Фанчжоумен кездеседі.
Сонымен бірге Қазақстанның азаматтығын алған Александр Шевченко мен Елена Рыбакина өздері қатысып жатқан турнирлерде келесі айналымға жолдама алды. Шевченко Нидерландтың Роттердам қаласында жалауы желбіреген ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты.
Ол алғашқы матчта әлемдік рейтингіде өзінен он саты жоғары тұрған қытай теннисшісі Чжан Чжичжэньді 6:4, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Мачта Шевченко 13 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Ал ойын 2,5 сағатқа созылды. Енді теннисшіге ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Руне немесе рейтингіде 39-сатыдағы ресейлік Роман Сафиуллиннің жеңгенімен таласады.
Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.
Теннисші жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелді. Мачта Рыбакина теннисші дүниежүзілік рейтингіде 57-орында тұрған қытайлық Чжу Линьмен ойнады.
Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, бір-бірін жеңген еді.
2019 жылы Аустралия ашық чемпионатында қытайлық спортшы 6:2, 6:4 есебімен басыс түссе, кейін сол жылы қыркүйекте Рыбакина Қытайдың Уханьда қарсыласында қарымта қайырды. Сол кезде матч 7:5, 2:6, 6:0 болып аяқталды.
Бұл жолы Елена матчты бірден брейкпен бастады. Сөйтіп, 2:0 есебімен алға шықты. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді. Есеп — 6:2.
Екінші және үшінші партияда да осындай есеппен аяқталды.
Рыбакина бір сағатқа жетпейтін уақытта 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Елена Рыбакина жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.