• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Қазақстан құрамасы велотректен Үндістанның астанасы – Дели қаласында ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, параспортшылар арасындағы XII рет өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

    Чемпионаттың алғашқы күні із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдені иеленді. Олардың уақыт көрсеткіші — 4:03.129 секунд. Алтын медальді Жапония құрамасы жеңіп алса, күміс жүлде Қытай еліне бұйырды. Сондай-ақ құрамында Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев бар тағы бір отандық құрам спринттен бесінші орын алды.

    Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды. Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия чемпионаты 26 ақпанға дейін жалғасады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *