• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Тұрлыжан Айтенов

    Су спортынан АЧ: Диана Жұмағұлова төрт медаль жеңіп алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан суға секіруден Азия чемпионатында Диана Жұмағұлова төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Бүгін ол 7 метр тұғырдан секіруде күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін 19 жастағы атлет жекелей сында қола, ал Анабелла Кочкинамен бірге жұптық сайыста алтын мен күміс жүлдені алған болатын.

    Суға 7 метр тұғырдан секіруде Диана Жұмағұлова 255.35 нәтиже көрсетті.

    Спортшыларымыз суға жүзуден де ұлттық құраманың қоржынын жүлдемен толықтырып жатыр. Олар соңғы жарыс күні тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

    А тобында Әділбек Мусин (50 м баттерфляй), Ксения Игнатова (шалқалай жүзу 200 м), София Сподаренко (50 м баттерфляй) чемпион атанса, Диана Тасжанова 200 метрге шалқалай жүзуде күміс жүлдені иеленді.

    В тобында Егор Попов (шалқалай жүзу 200 м), София Әбубәкірова (50 м баттерфляй), Максим Сказобцов (50 м баттерфляй) алтын медаль алса, брасс әдісімен 200 метрге жүзуде Арсен Қожахметов пен еркін стильде 100 метрге жүзуде Даниил Черепанов қола жүлдеге ие болды.

    2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс болады. Ал 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері бақ сынайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *