• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қанат Байұзақов

    Грек-рим күресі: Қазақстан екі алтын медаль алды

    Астанада грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды.

    Турнир үш күн болып, 10 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды.

    Жарыс қорытындысы бойынша бейтарап елдің спортшылары төрт алтын жүлдемен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан — 3 алтын, Қазақстан 2 алтын медальмен үздік үштікті түйіндеді.

    Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері:

    60 кг

    1.Оңдасын Хамитов (Қазақстан)

    2.Кубануч Аринов (Қырғызстан)

    3.Құттыбек Абдуразаков (Қырғызстан)

    Алмаз Мазитов (бейтарап ел)

    67кг

    1.Фараим Мустафаев (Әзербайжан)

    2.Бағдат Сабаз (Қазақстан)

    3.Тавакгул Хазиев (Әзербайжан)

    Грейр Оганесян (бейтарап ел)

    77 кг

    1.Давуд Маммадов (Әзербайжан)

    2.Гамзат Гаджиев (бейтарап ел)

    3.Магомед Иарбилов (бейтарап ел)

    Канан Абдуллазаде (бейтарап ел)

    87 кг

    1.Мансур Саитов (бейтарап ел)

    2.Али Темлан Гулиев (Әзербайжан)

    3.Бағдат Қуаныш (Қырғызстан)

    Жожу Самадов (Қырғызстан)

    130 кг

    1.Александр Мелехов (бейтарап ел)

    2.Марко Миланович (Мажарстан)

    3.Жохар Узаров (Қазақстан)

    Артур Бойчук (Украина)

    Турнирге қатысқандардың арасында Ресей чемпионы Ерзу Закриев, 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Нуруллаев (Әзербайжан), 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының жүлдегерлері Давуд Маммадов, Фараим Мустафаев (Әзербайжан) сынды өз салмағының мықты балуандары чемпион атанды.

    Қазақ күресінің аңызы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың турнирінің өткізілуіне атсалысқаныма өте қуаныштымын.

    Мен 2015 жылы Рио Олимпиадасының жолдамасы үлестірілген Азия құрлығының іріктеу турнирі, 2019 жылы әлем чемпионаты, 2021 жылы Токио Олимпиадасының құрлықтық жарысына келгенмін. Міне, осы жолы төртінші мәрте ат басын бұрдым. Уақыт өткен сайын Қазақстанның ұйымдастыру дәрежесі артып жатқанын байқадым.

    Бұл турнир балуандар үшін алдағы ересектер жарысында үлкен көмегі тиеді деп сенемін, — деді UWW техникалық делегаты Сент Левен.

    Енді отандастарымыз алдағы сәуір айында Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.

     

    Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *