19-21 сәуір күндері Қырғызстанның астанасы — Бішкекте күрес түрлерінен өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын Қазақ балуандары анықталды, деп хабарлады Қазақстан грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясы.
Бішкек қаласында күрес түрлерінен он сегіз салмақта Олимпиялық ойындардың жолдамасы ойнатылады. Қазақстаннан он алты балуан (5-грек-рим күресінен, 5-еркін және 6-әйелдер күресінен) күреседі.
Күрестен Париж Олимпиадасына жолдамасына ұлттық құраманың мына балуандары қатысады:
Грек-рим күресі
60 кг: Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы);
67 кг: Мейіржан Шермаханбет (Шымкент қаласы);
77 кг: Демеу Жадыраев (Алматы облысы);
97 кг: Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы);
130 кг: Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы).
Еркін күресі:
57 кг: Ерасыл Мұхтарұлы (Жетісу облысы);
65 кг: Майис Әлиев (Маңғыстау облысы);
74 кг: Нұрғожа Қайпанов (Солтүстік Қазақстан облысы);
97 кг: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы);
125 кг: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы).
Әйелдер күресі:
50 кг: Лаура Ғаниқызы (Алматы қаласы);
53 кг: Жұлдыз Ешимова (Астана қаласы);
57 кг: Эмма Тисина (Астана қаласы);
62 кг: Ирина Кузнецова (Ақмола облысы);
68 кг: Елена Шалыгина (Шымкент қаласы);
76 кг: Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы).
Былтыр Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан 86 кг-да Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) пен 87 келі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов (грек-рим күресі) Париж Олимпиадасына жолдама алған.
Айбек МҰХАНОВ,
журналист
Маңғыстау облысы