Беделі тым биік «мыңдықта» ширек финалдық матчтарды әйелдер мен ерлер арасындағы жеребенің фавориттері ойнайды.
Екатерина Александрова (Ресей) – Джессика Пегула (АҚШ). 28 наурыз, 04:00 (Астана уақыты бойынша)
Майамиде әйелдер арасындағы ширек финал аясында қызықты кездесу өтеді. Әлемнің бесінші ракеткасы, корт иесі Джессика Пегула әлемдік рейтингте 16-орында келе жатқан ресейлік Екатерина Александроваға қарсы кордқа шығады.
Бұл қарсыластар бұған дейін Римде өткен WTA-1000 турнирінде бір мәрте кездескен. Сол кезде америкалық екі сетте жеңіске жетті. Майамидегі Пегула, әрине, басты фавориттердің бірі, өйткені оны қолдайтын көрермен көп. Биылғы маусымда ол алғаш рет осы турнирде қатарынан екі матчта жеңіске жетті.
Ең бастысы, Пегула өткен жылғы жартылай финалдағы ұпайларын қорғап жатыр. Қаңтар айынан бастап өткен барлық жарыстар Джессика үшін сәтсіздіктерге толы болды. Спортшы старттан бастап сүрінген, одан қалса денсаулығына байланысты ойыннан шығып қалды.
Майамиге дейін ол екі апта демалды, өзін мазалап жүрген ойдан немесе мәселелерден арылған болуы да мүмкін. Әйтеуір, осы турнирді екінші айналымнан бастаған Пегула үш кездесуде де қатарынан басым түсті. Ешқайсысында қарсыласына бір сеттен бас тартқан жоқ. Ширек финалға шығу үшін америкалық өзінің рейтингі төмен отандасы Эмма Наварроны (7:6 (7:1), 6:3) ұтты.
Александрова Майамиде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свиатекті 1/8-де тізе бүктірді, ол мұны екі сетте еш қиындықсыз орындады (6:4, 6:2). Рас, ол бұл маусымды титулсыз өткереді, алайда көрермендер мен ойын сарапшылары оның ойындағы шеберлігі мен жеңістері жайында жиі айтады. Мәселен, Аделаидада Елена Рыбакинаны қапы қалдырды (6:3, 6:3). Жалпы алғанда, оның аутсайд саналатын матчтарда жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.
Пегуланың бәсі қарсыластарынан биік екенін де назарға алған жөн. Десе де оның тұрақсыздығын корт иесі кемшілік ретінде бағалауы ғажап емес. Ал Александрова, керісінше, эмоционалдық жағынан өте мықты, қажет кезінде шабуылға да шыға алады, тойтарысты да қабылдай алады.
Olimpbet мамандары Пегуланы жартылай финалға шығарып отыр – Ж1 – 2,41, Ж2 – 1,57. Александроваға бір сетте ұсынылған коэффициент – 4,1.
Футбол ойынына болжам жасап, Месси мен Роналдудың қолтаңбасы қойылған жейдені ұтып алыңыз! Olimpbet ұсынған «Футбол патшалары» акциясы, әсіресе қазақ жанкүйерлеріне арналған. Онда iPhone 15 Pro Max-тан бастап, мыңдаған сыйлықтар спортсүйер көпшілікке таратылады. Қатысуға асығыңыз!
Николас Ярри (Чили) – Даниил Медведев (Ресей). 28 наурыз, 05:30
Ерлер арасындағы жеребеде біріншілікке басты үміткер – әлемнің төртінші ракеткасы Даниил Медведев. 28 жастағы ресейлік теннисші былтырғы чемпиондық атағын қорғайтынына өте сенімді.
Майамиге дейін ол тек үш турнирде ойнаған. Әуелі Australian Open турнирінде финалға, одан кейін Дубайда ширек финалға шығып, бар-жоғы он күн бұрын Индиан-Уэллстегі финалда өнер көрсетті. Кез келген қарсыластың мысын басатын статистика.
Майамиде жеңіске жеткен үш кездесуінде Медведев қарсыластарына бірде-бір партия жіберген жоқ. 1/8-де ол Германиядан келген ТОП-50-дегі ATP ойыншысы Доминик Копферді тізе бүктірді, оған екінші сетте ешқандай мүмкіндік бермеді (7:6 (7:5), 6:0).
Медведевтің бабымен салыстырғанда 28 жастағы Ярри бірден аутсайдер сияқты көрінеді. Майамиде ол осы маусымда алғаш рет хардта қатарынан екі матчтан артық жеңіске жетті. Бірақ 1/8-де ол күтпеген жерден рейтингтегі 8-ші нөмірлі Каспер Руудты ұтты (7:6 (7:3), 6:3), дегенмен ол да жақсы ойнаған-ды. Егер Ярри доп берерде өзіне дәл осылай сенімді ойнаса, оның ресейлікті жекелеген геймдерде терлетуге мүмкіндігі бар.
Olimpbet сарапшылары Медведевтің жартылай финалға өтетініне сенімді – Ж1 – 5,02, Ж2 – 1,18. Оның ең ықтимал жеңісі: 2:0 – 1,6.
Айтпақшы, сіз біздің қосымшамыздан немесе Olimpbet.kz сайтынан үздік спорттық оқиғалардың трансляцияларын көре аласыз. Тіркеліңіз де «Трансляции Live» бөліміне өтіп, аз-маз теңгеріммен ең қызықты тікелей матчтарды тамашалаңыз.