Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті.
Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды.
Ұлттық құраманың спортшысы 2 000 метрге жарыста негізгі қарсыласы Мемодан (Индонезия) жылдам болды.
Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА