• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Халықаралық дзюдо федерациясы

    Астанаға 60-та астам елдің мықты дзюдошылары келеді

    Астанада 10-12 мамырда дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Бұл жарыста дзюдошылар Парижде өтетін Жжазғы Олимпиялық ойындарға ұпай жинайды. Сонымен бірге ол биылғы соңғы Grand Slam кезеңі болады, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы.

    Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, турнирге әлемнің кіл мықтылары келеді.  Белдесулер Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бүгінгі күнге жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде әлемдік рейтинг көшбасшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің спортшылары тіркелген.

    Еске сала кетек, осы доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, бірінші орын үшін 1 000, екінші орын үшін – 700, ал үшінші орын үшін – 500 ұпай есептеледі.

    Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін өткізеді.

    Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасынан беріледі.

    10 мамырда әйелдер 48 кг, 52 кг және 57 келіге дейінгі салмақта күш сынасса, ерлер: 60 кг және 66 кг салмақта белдеседі.

    11 мамырда әйелдер 63 кг және 70 келіге дейінгі категорияда, ерлер 73 кг және 81 кг салмақта ел намын қорғайды.

    12 мамырда әйелдер 78 келіге дейінгі және 78 келіден аса салмақта татамиге шығады. Ерлер 90-ға дейінгі салмақта, ерлер 100 және одан көп салмақта жарысқа түседі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *