Таиландтың Чианг Май қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды.
Бұл дүрмекті додада Қазақстан құраамсы жалпыкомандалық есепте екінші орынды қанағат тұтты. Бірінші орынды 8 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алған Өзбекстан ерлер құрамасының боксшылары иеленді.
Қазақстан 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медальге ие болды. Үшінші орынды 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені иеленген Тәжікстан спортшылары алды.
Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) пен Айбек Оралбай (+92 кг) Азия чемпионы атанды.
Құрлықтық чемпионатта Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленді. Қола медаль Ерасыл Жақпековке (80 кг) бұйырды.
Қазақстанның әйелдер командасы Азия чемпионатында 5 алтын медаль мен 5 қола жүлдені жеңіп алды.
Дастан КЕНЖАЛИН