• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    facebook.com

    «Астана» мен «Челси» ойынынан кейін жанжал шықты

    Алматы Орталық стадионының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов Конференция лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командаларының арасында өткен ойыннан кейін қызметінен шеттетілді.

    Алматының спорттық нысандары дирекциясы жанкүйерлерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

    Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі, — делінген хабарламада.

    «Астана» мен Лондонның «Челси» клубтарының ойыны 1:3 есебімен аяқталды.

    Мачты стадионда 20 982 жанкүйер тамашалады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *