Отандасымыз Абылайхан Жүсіпов (71 кг) Таиландтың Чиангмай қаласында өткен әлем чемпионатында төрешілердің бармақ басты, көз қысты шешімімен финалда Өзбекстан боксшысы Хавасбек Асадуллаевтан жеңілген еді.
Бірақ Өзбекстан өкілі жекпе-жекте спортшыға жат қылық көрсетіп, Абылайхан Жүсіповтің кеуде тұсын тістеп алған. Осыған байланысты Қазақстан тарапы төрешілердің үстінен шағым жазып, жекпе-жектің нәтижесін қайта қарауды талап етті. Содан кейін төрешілер шешімі қайта қаралып, Азия чемпионы атағы Абылайхан Жүсіповке берілді.
Осылайша Қазақстанның бокстан ерлер құрамасының қоржынына бесінші алтын жүлде кешігіп түсті.
Дастан КЕНЖАЛИН