Бүгін сағат 22-ден 20 минут өткенде Qazsport телеарнасында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында 16 маусымда өткен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінен дәстүрлі алтыншы әлемдік Гран-Придің көрсетілімі болады.
Бұл турнирге әлемнің 25 мемлекетінің балуандары қатысып, күш сынасты. Бес әлемдік белбеулі күрес бақылаушылары әділқазылық жасады. Олар — Германия, Швейцария Хорватиия, Эстония, Израиль.
Аталған турнир Қазақстан бойынша әлемдік деңгейде сайыс өткізуге лицензиясы бар, қазақ мәдениетінің материалды емес құндылықтарын әлемге насихаттап жүрген спорттық сайыс.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ