• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық Олимпиада комитеті street workout алаңқайларын ашып жатыр

    Өскемен қаласында street workout алаңқайы ашылды.

    Street workout –көше мәдениетін дамытудағы ең танымал бағыттардың бірі. Бүгінде ол елімізде ҰОК жобасының арқасында халық ең көп қатысатын спорт түріне айналды. ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен 2016 жылдан бері еліміздің әр аймағында 50-ден аса мамандандырылған спорттық алаңқайлар ашылды. Бұл алаңғайлардың көбісін Тимур Асқарұлы өз қалтасынан ақша шығарып салды. Қазір Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Көкшетау қалаларында алаңқайлар салынған. Жобаның ең басты артықшылығы – алаңқайлардың тек облыс орталықтарында ғана емес, облыстан шалғай жатқан қалаларда да ашылуында.

    –ҰОК олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға жауапты. Алайда, кәсіпқой спорттағы жетістіктер бұқаралық спорттан басталатынын естен шығармау қажет. Мұндай спорттық алаңқайлардың ашылуы балалар мен жастардың дене шынықтыру мен спортқа ден қоюына себеп болады. Ашық аспан астындағы спорттық зоналар ел тұрғындары үшін тиімді екенін дәлелдеп жатыр. Біз алаңқайлардың үлкен сұранысқа ие екенін, қаңырап бос қалмайтынын байқадық. Ол жерде үнемі әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өтіп тұрады. Қазіргі таңда ҰОК өкілдері ел аймақтарын аралауда. Осы орайда, біз аталған әлеуметтік жоба туралы басты жаңалықтарды біліп отырмыз. Бұл жобаны әрі қарай жалғастыра береміз. Алдағы уақытта шалғайда жатқан ауылдарда да алаңқайлар бой түзейді, деді ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин.

    Өскемендегі саябақ аймақтарында құрылған төрт алаңқайдың ашылу салтанатына облыс басшылығы, ҰОК мен  STREET WORKOUT федерациясының өкілдері қатысты. Семейде мамандандырылған алаңқайларды ашу туралы жоспар жақын арада іске асады. Семейдегі халық көп қоныстанған аумақта төрт алаңқай орналасқан.

    Street workout мамандандырылған алаңқайлары ең пайдалы құрылғылармен жабдықталған. Алаңқайдағы құрылғылар жабдығы бұлшық еттердің барлық топтарын жұмылдырып, жаттығудың тиімділігін арттырады. Бұл алаңқайлардың басты ерекшелігі оның үлкен ауыртпалықты көтере алатын мықты бекітулер бар. Ал резинадан жасалған жабдықтар жаттығу кезінде жарақат алу қаупін сейілтеді.

    Street workout федерациясының айтуынша, бүгінде 80 мыңға жуық қазақстандықтар спорттың осы түрімен шұғылданады.

    Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *