Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың спортшысы Артем Антропов Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Ол қоссайыс нәтижесінде 400 кг зілтемірді көтеріп, Қазақстан рекордын тіркеді.
- Артем Антропов – 400 кг (170+230)
- Фарес Эль-Бах (Қатар) – 399 кг (174+225)
- Маркос Руиз Веласко (Испания) – 395 кг (183+212)
Сондай-ақ Артем серпе көтеру жаттығуында алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы (96 кг) чемпион атанса, Алексей Чуркин (81 кг) күміс жүлдеге ие болған.