Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтінгісінде Юлия Путинцева 23-орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Өткен аптада Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Путинцева өзінің жеке рекордын тағы бір жаңартты.
Бір апта бұрын ол 29-дан 25-інші орынға көтеріліп, өзінің спорттық жолындағы үздік көрсеткішіне жеткен еді.
Аделаидада финалға дейін жеткен америкалық Джессика Пегула Елена Рыбакинаны ығыстырып, алтыншы орынға шықты, Елена 7-сатыға түсіп қалды.
Жұптық сында Қазақстанның үздігі Анна Данилина 23-інші орыннан қайтадан 22-ші орынға көтерілсе, Жібек Құламбаева бұрынғыша 156-ші орында тұр.