Грек-рим күресінен Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитеті.
Турнирде Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) жеңімпаз атанса, Азамат Дәулетбеков (-86 кг) екінші орынды иеленді.
Нұрқожа Қайпанов финалда Рамазан Рамазановты (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевты (Болгария) жеңді. Ал Азамат Дәулетбеков Әли Цокаевтан (Әзірбайжан) жеңілді.
Бүгін Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнирі аяқталады. Онда еркін күрес шеберлері қалған салмақта жеңімпазды анықтайды.