• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Түркия күрес федерациясы

    Әйелдер күресі: Қазақстан құрамасы Түркияда алты медаль иеленді

    Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен  халықаралық турнир болып жатыр.

    Бүгін Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі турнирде әйелдер белдесулері аяқталды.

    Бұл сында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алдына Түркия мен Үндістанның спортшыларын жіберіп, алты медальмен үшінші орынды қанағат тұтты.

    Отандастарымыз 3 күміс пен 3 қола жүлдені алды. Атап айтқанда, Светлана Анкичева (-50 кг), Диана Каюмова (-59 кг) мен Лаура Альмағанбетова (-57 кг) күміс медальге ие болса, Зульфия Яхьярова (-55 кг), Ирина Казюлина (-68 кг) мен Эльмира Сыздыкова (76 кг) үшінші орыннан көрінді.

    Енді ертең бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *