• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Жібек Құламбаева Нидерландта жартылай финалға жолдама алды

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты.

    Ол украиналық Валерия Страхова екеуі жарыстың 1-ракеткалары болып тіркеліп,  доданы бірден ширек финалдан бастады.

    Құламбаева мен Страхова испаниялық Кристина Дьяс-Адровер  мен нидерландылық Антония Стояновпен ойнап, жеңіске жетті.

    Бірінші партияда испан мен нидерландылық дуэт 6:4 есебімен басым түсті.

    Екінші сетте Құламбаева – Страхова 6:1 есебімен жеңді. Содан кейін супер тай-брейкте сәтті ойнады. Есеп — 10:3.

    Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.

    Жібек Құламбаева – Валерия Страхова финалға шығу үшін ресейлік Полина Бахмуткина мен  Кристина Кройтормен кортқа шығады.

     

    Рүстем ЖҰМАН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *