Күрес түрлерінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан Poland Open турнирінде Эльмира Сыздықова ойда жоқта финалға шыға алмады.
Ол 2 тамызда 76 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласта бозкілемге шықпай қалды. Кейін оның жарақат алғаны белгілі болды. Бұған дейін спортшы қатарынан үш рет күресіп, үшеуінде де қарсыластарын жеңген еді. Осылайша турнирдің жеңімпаз атағы бразилиялық Тамирес Мартинс Машадоға бұйырды. Ол еш қиналыссыз алтын жүлдені алып кетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА