• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстан теннис федерациясы Sport+медиа тобымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

    Қазақстан теннис федерациясы мен Sport+ медиа тобы ақпараттық әріптестік жөніндегі меморандум жасасты. Құжатқа ҚТФ вице-президенті Диас Досқараев пен медиа топтың бас директоры Олжас Абраев қол қойды.

    Медиа тобының қызметкерлері теннис әлеміндегі жаңалықтар ғана емес, Қазақстан құрамасы ойыншылары мен болашағынан үміт күттіретін жастардың табыстары туралы әңгімелеп, федерацияның теннистік және әлеуметтік бастамаларын тұрақты түрде жариялап отырады.

    «Мен Sport+ телеканалы ұжымы мен Олжас Абраевтың жеке өзіне біздің елдегі теннисті жария етудегі бастамалары үшін алғысымды айтқым келеді. Бұл біздің алғашқы бірлескен іс-қимылымыз, оның аясын БАҚ арқылы теннис, спортшыларымыздың өмірі мен жетістіктері  туралы көбірек ақпарат беріп, кеңейткіміз келеді. Спорт телеканалымен осындай қарым-қатынас орнатуға ресми мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз», — деді Диас Досқараев.

    Өз тарапынан Олжас Абраев былай деп атап өтті:

    «Теннис жыл санап Қазақстанда кеңінен таралып келеді, біздің телеканал өткен жылдан бері теннисті көптеп бере бастады. Біз 2026 жылғы Уимблдон турнирін көрсетуге телевизиялық құқыққа қол жеткіздік. Биыл Sport+ Kazakhstan көрермендері теннистен ересектер арасында Қазақстан чемпионатын, сондай-ақ Президент кубогын тікелей эфирде тамашалады. Бұдан бөлек біз Алматыда өтетін АТР 250 турнирін көрсетіп, көрермендерді қуантқымыз келеді. Бізді спортты дамыту мен оған қолжетімділікке қол жеткізу, сонымен қатар қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын орнықтыру жолындағы  ортақ идея біріктіреді. Біздің федерациямен ынтымақтастығымыз жемісті болып, контент тек кәсіби ойыншылар мен осы спорт түрінің жанкүйерлері үшін ғана емес, барлық қызығушылық білдірген жандарға игі септігін тигізеді деп сенемін».

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *