• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстан теннисшілері Азия құрлығында құрмет тұғырынан көрінді

    Александр Бублик ATP турнирлеріндегі сегізінші титулын жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Чанчжоу қаласында жалауы көтерілген АТР 250 турнирінде жеңімпаз атанды.

    Ол жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, финалда дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған франциялық Валентен Руаемен ойнады.

    Бірінші партияда Бублик тай-брейкте қарсыласын 7:6 (7:4), екінші сетте де 7:6 (7:4) есебімен жеңді.

    Александр Бублик бір сағат 53 минутта 21 эйс жасады. Француз теннисші 8 эйстен аса алмады. Екеуі де 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

    Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында ATP турнирлеріндегі сегізінші титулын жеңіп алды.

    Филиппинде 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен Азия жекелей чемпионаты мәресіне жетті.

    Оған Азия теннис федерациясынан арнайы шақырту алған Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қатысты.

    Жарыс қорытындысында Ясмин Дүйсембаева үшінші орын алып, қола медальға ие болды. Осы жеңісінен кейін ол келесі жылы Австралия ашық чемпионатының екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under турнирінде бақ сынауға мүмкіндік алды.

    Отандастарымыздан 2023 жылы Elite Junior Trophy 14 & Under додасында Альбина Кәкенова, былтыр Ева Корышева финалға дейін жетті. 2025 жылы Родион Трайгель қатысып қайтты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *