• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    UEFA

    Спортшылар коалициясы УЕФА-ға Израильді ұйымнан шығаруды ұсынды

    Франция құрамасының жартылай қорғаушы Поль Погба мен крикетші Муин Алиді есептегенде 48 спортшы Израильді Газа секторындағы палестиналықтарға жасаған қылмысы үшін Еуропа футбол қауымдастығынан шығарып тастауды сұрады. Бұл туралы Aljazeera агенттігі хабарлады.

    — Әртүрлі сенім-нанымнан, түрлі тектен шыққан кәсіпқой спортшылар ретінде біз спорт әділдік, адалдық және адамгершілік принциптерін сақталуы керек деп санаймыз. Біз, Athletes 4 Peace бейбітшілік құжатына қол қойғандар, УЕФА-ны Израильді халықаралық құқыққа сай болғанша және бейбіт тұрғындарды өлтіруді және жаппай аштыққа ұшыратуды тоқтатқанша барлық жарыстардан дереу шеттетуге шақырамыз, — делінген «Спортшылар бейбітшілік үшін» ұранымен жарияланған мәлімдемеде.

    Мәлімдемеде Израиль Газаның оңтүстігінде гуманитарлық көмек күтіп отырған бейбіт тұрғындарға шабуылы кезінде палестиналық Пеле деген атпен белгілі Сүлейман әл-Обейдтің қаза болғаны айтылды. Бұл ақпаратты Палестина футбол қауымдастығы жариялады.

     

    Рүстем ЖҰМАН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *