Қазақстан каратэшілері 28 қыркүйекте Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарына қатысады, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.
Ойындар 8 қазанға дейін болады. Онда барлығы спорттың 23 түрінен жүлде сарапқа салынады. Бұл қатарда WKF каратэ бар.
Назарыңызға ката және кумите бағдарламасындағы Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз:
Әйелдер — Айжан Бәкірова (-61 кг), Асылай Савидова (+68 кг), Айшабибі Шарахан (-55 кг), Малика Абжанова (-50 кг), Нұрия Тізімбай (-68 кг), Натали Касикова (ката);
Ерлер — Шыңғыс Тайлиев (-75 кг), Олжас Алтынбек (-67 кг), Ғалым Асылхан (-84 кг), Диас Анарбеков (+84 кг), Дархан Теміралиев (-60 кг), Ердос Кенжалиев (ката).
Каратэден бәсеке 3-4 қазан күндері Мингячевир қаласында болады.
Осыған дейін II ТМД елдері ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасында өткен. Ол кезде каратэден Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс жүлдеге ие болды.