• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Дархан Теміралиев – III ТМД елдері ойындарының жеңімпазы

    Әзербайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Мингячевир қаласында каратэ бәсекесінде отандасымыз Дархан Теміралиев — 60 кг дейінгі салмақта топ жарды. Сонымен қатар тағы үш отандасымыз жүлделі орыннан көрінді. Олар:

    Натали Касикова (ката) – күміс медаль

    Малика Абжанова (-50 кг) – қола жүлде

    Айшабибі Шарахан (-55 кг) – қола медаль

    Ертең екінші жарыс күні Айжан Бәкірова (-61 кг), Нұрия Тізімбай (-68 кг), Асылай Савидова (+68 кг), Шыңғыс Тайлиев (-75 кг), Ғалым Асылхан (-84 кг), Диас Анарбеков (+84 кг) сынға түседі.

    Осыған дейін II ТМД елдері ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасындажалауын көтерген. Ол кезде каратэден Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс жүлдеге ие болды. Қазір Қазақстан құрамасы Әзербайжандағы кешенде жарыста алтын медаль санын үшеуге жеткізді.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *