• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Қызыл-Жар» ФК

    «Қызыл-Жар» клубы айыппұл арқалады

    Қазақстан футбол федерациясы тергеуге көмектесуден бас тартқан «Қызыл-Жар» футбол клубын жазалау туралы шешім қабылдады.

    Тергеу шілде айында Түркістан қаласында «Қызыл-Жар» мен «Тұран» клубтарының ойынына байланысты болып отыр. ҚФФ-ға матч алдын ала келісіп қойылған болуы мүмкін деген күдік тудырған.

    -Осыған орай Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтіп, «Тұран» клубымен матчқа байланысты қызметтік тергеу ісіне көмектесуден бас тартып, кедергі келтіргені үшін «Қызыл-Жар» футбол клубына жаза қолданылды. Яғни, клубқа 100 АЕК, яғни 393 200 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл соманы 2025 жылдың 7 қарашасына дейін төлеу қажет, — делінген ҚФФ-ның хабарламасында.

    Сонымен бірге клуб ҚФФ-ның Қауіпсіздік және интегрити қызметіне ойыншылардан, менеджерден, бапкерлік штабтан және матчқа қатысы бар адамдардан сұрақ-жауап алуға көмектесуге міндетті.

    «Қызыл-Жар» футбол клубы ҚФФ шешімін орындамаған жағдайда қатаң шара қолданылады.

    Оның ішінде ұпайлары алынып, клуб төменгі лигаға түсіріледі. Ойыншылар мен ресми азаматтарға футбол саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.

     

    Рүстем ЖҰМАН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *