Алматыда Orzax халықаралық педиатрия конференциясы өтті.
Оған бауырлас түрік елінің білікті де майталман дәрігерлері мен ғалымдары қатысты.
Orzax компаниясы, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен конференцияға атақты ғалымдар, тәжірибелі педиатрлар мен балалар хирургтарымен қатар Қазақстаннан және шетелден 100-ден астам спикерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX бүгінгі таңда биологиялық белсенді қоспалардың 200 түрін өндіріп, әлемнің 60 еліне экспорттайды. Қазақстандағы өндіріс жобасына компания 40 миллион доллар инвестиция құйып, 500 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
ORZAX тек балаларға ғана емес, ересектерге де арнап дәрі өндіреді. Компания Түркияда 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп қана қоймай, түрік нарығында 6 жыл қатарынан көшбасшылық орнын сақтап келеді.
Жиында балалардың өзекті мәселелері атап айтқанда денсаулыққа қатысты проблемалар айтылып, шешу жолдары қарастырылды.
Нұрлан ҚҰМАР,
АЛМАТЫ

SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары