• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бала

    Анамды таппайынша, Испанияға бармаймын – анасын іздеген қазақ баласы

    Шетелден елімізге келіп, анасын іздеп жатқан Мұрат есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан, – ред.) жас жігіт әлеуметтік желіде көпшілікке жақсы хабар айтты. Бұл жігіттің аты қазақшада әуелі Жәнібек болып таныстырылған еді. Одан кейін құжат бойынша оның аты-жөні Жәнібек Мұратұлы Жұмағұлов деп аталатыны белгілі болды. Бірақ бала осы күнге дейін өзін «Мұрат» деп таныстырып жүр. Эфирде де, сценарийде де Мұрат деп жазыңызшы ...

    Read More »

    20 миллионыншы тұрғынның әрқайсысына қомақты ақша беріледі

    «Отбасы банк» АҚ еліміздің 20 миллионыншы тұрғын атанған балалардың ата-анасы 2 млн теңгенің сертификатын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты. Еліміздің 20 миллионыншы тұрғын атанған балалардың ата-анасы болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан біз («Отбасы банк» АҚ, — ред.) олардың әрқайсысына «Отбасы банкінің» 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификаттарын сыйлаймыз. Сертификат ...

    Read More »

    Қарағандыда 7 жасар балаға футбол қақпасы құлады

    Қарағандыда үй ауласындағы алаңда темірден жасалған футбол қақпасы құлап, 7 жасар баланы басып қалды. Қақпа баламның аяғына құлады. Ал егер жақынырақ тұрса, ол ұлымның басына құлап кетер еді, – деді зардап шеккен баланың анасы. Осыдан кейін Қарағанды қаласының әкімдігі мердігер ұйымдардың балалар алаңындағы тексеруді бастағанын хабарлады. Футбол алаңы 2020 жылы аула аумағын абаттандыру кезінде жабдықталған. Былтыр мердігерлер футбол алаңдарына қақпалар орнатқанда ...

    Read More »

    Батыс Қазақстан облысында балаларға қол көтерген бапкерге іс қозғалды

    Батыс Қазақстан облысында балаларға қол көтерген жаттықтырушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпараттың тілшісі хабарлады. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, оқиға 13 ақпан күні 2013 жылғы жасөспірімнің жарақат пунктіне хабарласқаннан кейін белгілі болды. Оның сөзіне қарағанда, балаға самай тұсы көгерген деген диагноз қойылған. Сол күні жасөспірімнің анасы жаттықтырушыға қатысты шара қолдану жөнінде шағым түсірді. Балаға қол ...

    Read More »

    Биыл 560 мың бала спорттық секциямен қамтылады

    Биыл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына баса назар аударылады. Бұқаралық спортты, оның ішінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр мемлекеттік тапсырыс аясында 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы төртінші рет әке атанды

    Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалық айтты. Ол төртінші рет әке атанды. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды. Төртінші. Әлхамдулиллах! Бұл өмірге қош келдің, ұлым! Есімін Хан қойдым! Хан Жәнібек!, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter желісінде. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта (72,574 кг) өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »