• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Батыс Қазақстан облысында балаларға қол көтерген бапкерге іс қозғалды

    Батыс Қазақстан облысында балаларға қол көтерген жаттықтырушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпараттың тілшісі хабарлады.

    БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, оқиға 13 ақпан күні 2013 жылғы жасөспірімнің жарақат пунктіне хабарласқаннан кейін белгілі болды.

    Оның сөзіне қарағанда, балаға самай тұсы көгерген деген диагноз қойылған.

    Сол күні жасөспірімнің анасы жаттықтырушыға қатысты шара қолдану жөнінде шағым түсірді. Балаға қол көтерген Шыңғырлау ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 1974 жылғы бапкері анықталды. 14 ақпан күні жасөспірімнің анасынан істі қарауды тоқтату және тараптардың келісімге келгені жөнінде тағы бір арыз түсті. Алайда Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бапкерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 73-2-бабы 1-бөлігіне (ұрып-соғу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазаланады. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына бапкердің тәртібін қарау және тәртіптік шара қолдану жөнінде ұсыным жолданды,- деді Б.Нұрғожин.

    БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин болған оқиғаға қатысты түсінік берді.

    Оның айтуынша, 13 ақпан күні Шыңғырлау ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі самбо күресі бөлімінің жаттықтырушысы Қайсар Құсайынов жаттығу кезінде тәрбиеленушілер А.Мырзаханды және Н.Жұрмағамбетті соққыға жыққан.

    Сол күні оқушылардың ата-аналарынан арыз түсіп, Қ.Құсайынов жергілікті полиция бөліміне шақыртылды. Жаттықтырушы Қ.Құсайынов балалардың ата-аналарынан кешірім сұрады. Спортшылардың ата-аналары жаттықтырушыны кешіріп, өз арыздарын кері қайтарды. Дегенмен Шыңғырлау дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әкімшілігі болған оқиға туралы видеоны тұрғындар арасында таратып жіберді. Күні бүгін Қ.Құсайынов ұлы Алдияр Сайынның Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуына байланысты өз қаражаты есебінен іссапарға кетті. Қызметке 20 ақпан күні шығады. Жұмысқа шыққан соң Қ.Құсайыновтың іс әрекетіне баға беру үшін қызметтік тексеріс жүргізіледі, — деді Ж.Нығметуллин.

    Бұған дейін Оралда жоғалып кеткен оқушы қыздың бес күннен кейін аман-есен табылған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *