• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жәнібек Әлімханұлы төртінші рет әке атанды

    Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалық айтты. Ол төртінші рет әке атанды.

    Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды.

    Төртінші. Әлхамдулиллах! Бұл өмірге қош келдің, ұлым! Есімін Хан қойдым! Хан Жәнібек!, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter желісінде.

    Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта (72,574 кг) өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Әуесқой бокста 2016 жылы болған Олимпиадаға қатысқан. 2013 жылы әлем чемпионы болған. 2013-2014 жылдары Азия чемпионы, 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *