• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан клубы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

    Бүгін Түркияныӊ Анталия қаласында клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша бұл додада Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB)  биылғы маусымды қорытындылайды.

    Бұл чемпионатта еліміздің намысын Петропавлдың «Қуаныш» клубы қорғайды. Ол дүрмекті додада алғаш рет клубтық Азия-2022 чемпионы ретінде бақ сынайды. Бұған дейін әлем чемпионатына Өскеменніӊ «Алтай» командасы екі рет қатысқан болатын. 2018 жылы «Алтай» командасына әлемніӊ еӊ үздік клубтары бас қосатын бәйгеге қатысу үшін Уайлд-кард (Wild card) берілген еді. Ал былтыр Өскеменнің қыздары да жеӊімпаз ретінде, яғни клубтық Азия-2021 чемпионы мәртебесінде әлемдік доданың көрігін қыздырған.

    Биылғы додада алты команда бес күнніӊ ішінде клубтық әлем чемпионын анықтайды. Онда «Қуаныш» клубынан бөлек, Анталияда Еуропа және Оӊтүстік Америка чемпиондары «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия) мен «Gerdau Minas» (Бразилия) клубтары, сондай-ақ осы біріншіліктердіӊ күміс жүлдегерлері «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) мен «Dentil Praia Clube» (Бразилия) сынға түседі. Сонымен қатар, жарысқа ұйымдастырушылар тарапынан түріктіӊ «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» командасы қосылып отыр.

    «Қуаныш» (Петропавл) клубыныӊ құрамы:

    №1. Лора Китипова (Ресей/Болгария, 19.05.1991);

    №2(л). Сабира Бекішева (21.02.1998);

    №3. Алена Колотыгина (20.03.1996);

    №4. Екатерина Михайлова (04.05.1998);

    №5. Ботагөз Есімхан (16.05.1997);

    №7(к). Татьяна Алдошина (23.04.1998);

    №9. Олеся Фелдбуш (17.01.2003);

    №10. Юлия Боровкова (12.03.2003);

    №12. Орле Маева (Франция, 08.05.1991);

    №17. Маргарита Бельченко (21.03.1999);

    №18. Анастасия Коломоец (18.04.1991);

    №20(л). Кристина Швидкая (03.01.2002);

    №27. Наталья Смирнова (29.12.1999)

    Бас жаттықтырушы – Дарко Добресков (Сербия).

     

    Топтық кезеӊ (14-16 желтоқсан)

    14 желтоқсан

    («В») «ҚУАНЫШ» – «VAKIFBANK SPOR KULUBU» (Түркия)

    («А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия)

    15 желтоқсан

    («В») «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия) – «Gerdau Minas» (Бразилия)

    («А») «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия)

    16 желтоқсан

    («В») «ҚУАНЫШ» – «GERDAU MINAS» (Бразилия)

    («А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия)

    17 желтоқсан. 1/2 ФИНАЛ (1А – 2В, 1В – 2А)

    18 желтоқсан. ФИНАЛ, үшінші орын үшін матч.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *