• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com

    Қанат Ислам шаршы алаңға қайтып шығады

    Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қытайдың екі дүркін чемпионы Қанат Ислам (29-1-0,22КО) ұзақ уақыттан кейін шаршы алаңға қайтып шығатынын айтты.

    Ол Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады.

    Әзірше оның қарсыласы кім екені белгісіз.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам 29 жекпе-жекке шығып, 28 рет  жеңіп, біреуінде ғана жеңілген.

    Қанат Ислам соңғы рет 2022 жылы 7 қазанда аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

    Ali Akhmedov Promotions Fight Night кәсіпқой бокс кеші 27 желтоқсанда Алматыдағы «Балуан шолақ» спорт кешенінде болады.

    Басты жекпе-жекте Әли Ахмедов (24-2-0,17КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1,22КО) жұдырықтасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *