Бүгін «Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» РҚБ еліміздің спорт ардагерлері қауымдастығы үшін маңызды оқиғалардың бірі – Одақтың жоғары басқарушы органы конференциясын онлайн форматта өткізді, деп хабарлады спорт ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі.
Бұл кезектен тыс конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселелер ұйымның бүгінгі тынысын ғана емес, болашақтағы даму бағытын айқындауға бағытталды. Конференцияда аймақ өкілдері Одақтың жұмысына қатысты алдын ала есепті ұсынып, жаңартылған ұйымдық құрылымның қызмет нәтижелерінен хабардар етті. Сондай-ақ биыл іске асырылған жобалардың мазмұнды талдауы мен өңірлік филиалдар желісін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Биылғы жылы өңірлерде ашылған филиалдар туралы ақпарат таныстырылып, олардың басшылары мен мекенжайлары ресми түрде жарияланды:
- Қарағанды облысы филиалы – жетекшісі Валерий Леонидович Громов. Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Республика даңғылы, 13.
- Ақтөбе облысы филиалы. Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 56.
- Атырау облысы филиалы – жетекшісі Болат Сандибайұлы Құжиев. Мекенжайы: Атырау қаласы, Қ. Смағұлов көшесі, 5А.
- Абай облысы филиалы – жетекшісі Күлнар Жүнүсбекқызы Даукеева. Мекенжайы: Семей қаласы, А. Посмаков көшесі, 70.
- Алматы қаласы филиалы – жетекшісі Айталап Қалабайұлы Қорғанбаев. Мекенжайы: Алматы қаласы, Тәттімбет көшесі, 400А.
- Солтүстік Қазақстан облысы филиалы – жетекшісі Бауыржан Ниязұлы Күлжанов. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Студенттер көшесі, 14.
- Жамбыл облысы филиалы – жетекшісі Махамбет Ахметұлы Дүйсембаев. Мекенжайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16Г.
- Орал қаласының спорт Ардагерлері ұйымы – жетекшісі Берікқали Бекмұратов.
- Жетісу облысы филиалы – жетекшісі Равиль Абрахманович Хамитов. Мекенжайы: Талдықорған, Желтоқсан көшесі, 222
- Түркістан облысы филиалы — жетекшісі Ғани Молдабекұлы Ахметбаев. Мекенжайы: Түркістан қаласы, 162-118.
Конференцияда 2026 жылға арналған жаңа бастамалар мен басымдықтар таныстырылды. Негізгі жоспарлардың қатарында – спорт ардагерлері арасындағы республикалық жарыстарды тұрақты өткізу және Қазақстан Республикасының спорт ардагерлерінің II Республикалық форумын ұйымдастыру бар. Бұл бастамалар спорт ардагерлері қозғалысын нығайтуға және еліміздің спорттық мұрасын сақтау мақсатында іске асырылмақ. Сонымен қатар, конференцияда филиал басшыларына биылғы жылдың қорытынды есептерін дайындап, оларды 2025 жылғы 23 желтоқсанға жоспарланған кезектен тыс қорытынды конференцияға ұсыну тапсырылды.
«Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» РҚБ өз қызметінің дамуына қолдау көрсеткен бас демеуші Samruk-Kazyna қорына, сондай-ақ серіктестер Sport Qory, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ және Tassay компаниясына шынайы алғыс білдіреді. Біздің тұрақты серіктестік Одақ бастамаларының кеңеюіне және жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік беріп келеді.

SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары