• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Joel Marklund, Keystone Press Agency, globallookpress.com

    Месси Аргентина құрамасымен қоштасады

    Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасы командасының жейдесінде соңғы рет алаңға шығатынын айтты.

    ESPN Argentina арнасының мәліметіне қарағанда, Месси 6 қазанда ұлттық құрама сапына арнайы шақырылып, ойыншы ретінде Аргентина құрамасымен ресми түрде қоштасады. Осылайша Аргентина елі көзі тірісінде аты аңызға айналған футболшыға құрмет көрсетіп, оны ұлттық құрамадан салтанатты түрде шығарып салуды жоспарлап отыр.

    Бұған дейін Месси Аргентина құрамасынан кетіп, жастарға жол бергісі келетінін айтып жүрген еді. Енді міне, сол уақыт та жақындап қалған сияқты.

    Месси – әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, Америка кубогын екі рет жеңіп алған. Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері. Алты рет «Алтын бутсы» жүлдесін иеленген.

    Қазір ол АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы. Осы команданың капитаны.

    Аргентинаның бұрынғы шабуылшысы Карлос Тевес ұлттық құрамамен қоштасу матчына Месси мен Роналду бір командада ойнауға шақырып отыр. Егер екеуі келісімін берсе, атақты футболшылар желтоқсан айында Буэнос-Айрестегі «Ла Бомбонера» стадионында бірге жасыл алаңға шығады.

    Месси ұлттық құрамадан кеткеннен кейін Испанияның тағы бір футбол клубын сатып алуы мүмкін. Ол Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Эльденсе» клубын сатып алуға алдын ала келісімге келіпті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *