Сенегалдың Дакар қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Олимпиадада тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай жеңіс тұғырына көтерілді.
Ол жекелей уақытта қашықтықты 11 минут 32.57 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті.
Екінші орын Словакияның спортшысы Каролина Гайдуковаға бұйырды. Мәре сызығын 11 минут 37.62 секундтта кесіп, күміс жүлде алды. Ал ресейлік Ангелина Новолодская 11 минут 43.65 секунд нәтижемен үшінші орынға ие болды.
Осымен Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль алса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медальді иеленген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары