• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Любовь Юн — жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері

    Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Юн Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды.

    Ол 63 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда Лбюовь Юн Сербия өкілі Эма Зечировичпен жекпе-жекке шығып, одан 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші раундта Любовь Юн 4:18 есебімен, екінші раундта 4:14 есебімен жол берді.

    Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген қос спортшы да қола жүлдегер атанады. Осылайша, Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасын үшінші орынмен аяқтады.

    Таеквондошы жартылай финалға дейін екі қарсыласынан басым түсті. Алғашқы жекпе-жекте Норвегия спортшысы Сара Наташа Фемер-Педерсенді (2:0) жеңсе, ширек финалда Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костаны (2:0) тізе бүктірді.

    Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола жүлдеге ие болған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *