Семсерлесуші Айбар Қайым Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады.
Отандасымыз сабля бәсекесінің финалында түркиялық Жандениз Берракпен кездесіп, одан 15:6 есебімен жеңілді. Ал Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.
Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 кг) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль алса, боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 кг) мен Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) күміс жүлдеге ие болған еді. Ал боксшы Марал Төлепберген (54 кг), таеквондошы Любовь Юн (63 келіден аса) мен триатлоншы Рамазан Әйнегов үшінші орын алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары