Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады.
Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілердің шешімімен 61,03 ұпай еншілеп, 11-орынға шықты.
Жапонияның өкілі Ами Накай 82,20 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова (74,24 ұпай) көтерілді. Үздік үштіктен Оңтүстік Корея спортшысы Ким Ю Чжэ (73,92 ұпай) орын алды.
Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түні өтеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары